Тамызда қай өңірлерде құрғақшылық болады

28.07.2022 16:56

"Қазгидромет" РМК тамызда еліміздің қай аймақтарында құрғақшылық болатынын мәлімдеді

ашық дереккөзден

"Қазгидромет" РМК тамыз айында еліміздің қай аймақтарында құрғақшылық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Синоптиктердің есептеуі бойынша, 2022 жылғы тамызда елдің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында, жекелеген аймақтарды есептемегенде, ылғалдандыру шарттары негізінен нормаға жақын болуы тиіс.

"Қызылорда облысы Қармақшы ауданында, Маңғыстау облысы Қарақия және Маңғыстау аудандарында құрғақшылық болады деп болжанады. Сондай-ақ, Ақтөбе облысы Әйтеке би және Мұғалжар аудандарында, Қарағанды облысы Нұра ауданында, Қостанай облысы Амангелді және Жангелді аудандарында жауын-шашын тапшылығы күтіледі", - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының солтүстік және батыс аймақтарында, Атырау облысы Қызылқоға ауданында, Батыс Қазақстан облысы Сырым, Казталов және Ақжайық аудандарында керісінше ылғалданудың оңтайлы жағдайлары күтіледі. Сондай-ақ, Алматы облысы Панфилов және Кербұлақ аудандарында да ылғалды болады.