Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүру қаупі сақталады

04.02.2023 16:58

ТЖД тұрғындарға барынша абай болуды ескертеді

elements.envato.com

Шығыс Қазақстан облысында 6 ақпанға дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 4-6 ақпан аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.

«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз», – делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ құтқарушылар өңір жұртшылығына алыс сапарға шығар алдында жолдардың жай-күйін «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы тексеріп отыруға кеңес берді.

Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.