Жел, бұрқасы, көктайғақ: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

20.01.2024 15:25

Кей өңірлерде қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту сақталады

elements.envato.com

Қызылорда облысы

Қызылорда облысы

20 қаңтарда Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысы

20 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні 17-22 м/с. Алматы қ.: 20 қаңтарда кей уақытта қатты қар, тұман күтіледі. Конаев қ.: 20 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Астана

Астана қ.: 20 қаңтарда түнде және таңертен тұман күтіледі.

Жамбыл облысы

20-22 қаңтарда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. 20-21 қаңтарда облыстың шығысында, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. 20-22 қаңтарда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 21-22 қаңтарда екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қ.: 20-22 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы

20 қаңтарда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 20 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

20 қаңтарда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

20 қаңтарда Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

20 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысы

20 қаңтарда түнде және таңертең Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 20 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Абай облысы

19 қаңтардың сағат 21.00-ден 20 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Павлодар облысы

20 қаңтарда түнде Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысы

20 қаңтарда Түркістан облысының тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 20 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі. Түркістан қ.: 20 қаңтарда кей уақытта тұман күтіледі.

Жетісу облысы

20 қаңтарда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 23-28 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

20 қаңтардың сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады

Ақмола облысы

20 қаңтарда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.