Еліміздің басым бөлігінде демалыс күндері қар жауады

lib1mok.blogspot.com
lib1mok.blogspot.com
Бұған екі циклонның бірігуі ықпал етеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 25-27 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Almaty.tv.

«Қазгидромет» болжамына сәйкес, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклонның бірігуі әсер етеді. Жаңбыр жауып, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. 

«Батыста ауа температурасы түнде 7-15°C, күндіз 15-25°C-тан 10-20°C-қа дейін төмендейді.

Солтүстік-батыста түнде 3 градус аяздан 5-қа, күндіз 13-23°C-тан плюс 3-13 градусқа дейін төмендейді.

Елдің солтүстігінде және орталығында түнде сынап бағанасы 2-7 аяздан 3-8°C жылыға дейін, күндіз 10-20°C-тан 5-13°C дейін жылы болады.

Шығыста ауа температурасы түнде 5 аяз 5°C жылы, күндіз 7-17°C жылы болады. 

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15°C-тан 10-17°C-қа дейін жылы, күндіз 25-32°C-тан 18-25°C-қа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.


Новости партнеров