Жаңбыр мен қар жауады
Қазақстан бойынша 28-30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сенсек, алдағы үш күнде ел аумағы циклондардың ықпалында болады. Бірінші күні антициклон елдің барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райын сақтап тұрады. Күн ашық болады. Ал 29 қаңтардан бастап Солтүстік- батыс циклон - батыс аймақтарға, ал 30 қаңтардан бастап Оңтүстік циклон - оңтүстіктегі облыстарға әсер ете бастайды. Олардың ықпалымен жаңбыр мен қар жауады. Сондай-ақ температура айтарлықтай артады.