Қазақстанда 43 градус аяз болады

31.12.2020 17:06

Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2 қаңтар күні Алматы облысында ауа температурасы - 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градусқа дейін күрт төмендейді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде 25-30 градус аяз болады. 

2-3 қаңтар күндері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 32-37, кей жерлерде 42 градус аяз болады. 

Шығыс Қазақстан облысында 2-4 қаңтар аралығында 32-37, кей жерлерде - 43 градус қатты аяз күтіледі. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.