Сейсмикалық станция желісінің мәліметі
24 қыркүйекте "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары Алматыдан 357 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Жер асты дүмпулері 2023 жылы 24 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 07:15-те тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 357 шақырымда Қытай территроиясында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7.
MPV магнитудасы - 4.2.
Тереңдігі - 15 км.
Оқи отырыңыз: 24 қыркүйекке арналған валюта бағамы