|
18.06.2023 | 12:08
615

Еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды

Синоптиктер жексенбі күнгі ауа райына болжам жасады

Еліміздің басым бөлігінде күн қатты ысиды yarnovosti.com

Синоптиктердің болжамынша, ел орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ал батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін, еліміздің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болуы ықтимал.

«ҚР-дың шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Қазақстанның батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлері циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, елдің батысында бұршақ түседі, оңтүстігінде дауыл болады деп болжанады. Республикамыздың басым бөлігінде екпінді жел сақталады», - делінген «Қазгидромет» мәліметінде.

Еліміздің 10 өңірінде күн қатты ысиды деп болжанады:

Ұлытау облысының басым бөлігінде

Қызылорда;

Жамбыл;

Алматы;

Түркістан;

Жетісу;

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде;

Қарағанды;

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты ыстық сақталады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау, Абай, Жетісу Шығыс Қазақстан облыстарында, Алматы облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау, Қарағанды өңірлерінің орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир