Осы аптада қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары болады
Павлодарда үш ер адам үсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 16 желтоқсанда дәрігерлер аязда үсіп қалуға байланысты үш рет шыққан.
«42, 48 және 63 жастағы науқастар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді», – дейді жедел жәрдем станциясында.
Осы аптада қатты аяздың беті қайтып, сынап бағанасы нөлден жоғары болады. 19 желтоқсанда күндіз сынап бағанасы -2...-7°С-ты көрсетеді. Желдің жылдамдығы оңтүстік-шығыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.