Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

13.10.2019 17:18

Бүгін түнде үсік жүруі мүмкін

Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысында 13 қазан күні кей жерлерде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Орал қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге артуы мүмкін. Осыған байланысты БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өңірде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар алынып жатқандығын жеткізді.

Сондай-ақ Қызылорда облысында 13 қазанда күні түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Таңертең және күндіз шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысып, күші 15-20 м/с жетеді.