Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады
Синоптиктер 1, 2 және 3 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, көптеген өңірде жаңбыр жауады, найзағай соғады, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
«Республиканың солтүстігі мен орталығындағы ауа температурасының біртіндеп 17-27 жылуға, ал елдің оңтүстігінде 27-35 жылуға дейін көтерілуі күтілуде», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Ғаламдық ескерту: жерге магниттік дауыл жақындап келеді