Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Мұндай ауа райы атмосфералық ауа ағымдарының өтуімен байланысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында қатты ыстық болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv

Болжам бойынша, алдағы үш күнде елдің солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Мұндай ауа райы атмосфералық ауа ағымдарының өтуімен байланысты.

«24 шілдеде Қазақстанның батысында, 24-25 шілдеде солтүстік-батыста, 25-26 шілдеде солтүстікте найзағай жарқырап, нөсер жауын жауады, екпінді жел соғады, бұршақ, дауыл болжануда»,– делінген хабарламада.

Оңтүстік пен оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз, ыстық болады.

Күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста ауа температурасы 38-46 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Ал солтүстікте, керісінше, 32-40 градустан біртіндеп 20-30 градусқа дейін түседі.

Новости партнеров