Нөсер жауады: Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

06.09.2019 21:45

Мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады

открытые источники

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады. Мамандардың болжамынша, алдағы күндері нөсер жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қазақстанда циклон және атмосфералық фронттармен нағыз күзгі ауа райы тұрақталды. 

Еліміздің солтүстік өңірінде нөсер жауын жауып, күндіз ауа температурасы +10-20°С, республиканың оңтүстік бөлігінде +18-25°С, климаттық нормадан 3-5°С төмен болады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамынша, мемлекет аумағында мұндай температура мен жаңбыр алдағы үш тәулікте де сақталады. Тек батыс облыстарда жауын-шашын тоқтап, температура нормаға дейін жоғарылауы ықтимал.