Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты «Қазақстан темір жолы» бірнеше бағыт бойынша жолаушыларды қосымша вагондармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республикалық автотрассалардың жабылуына себеп болған күрделі метеорологиялық жағдайлардың жалғасуына байланысты келесі қосымша жолаушылар пойыздарына 31 вагон тіркелді:
Павлодардан Астанаға дейінгі №45 пойыз - 6 вагон;
Павлодардан Астанаға дейінгі №139 пойыз - 4 вагон;
Астанадан Павлодарға дейін №354 пойыз - 7 вагон;
Астанадан Петропавлға дейінгі №623 пойыз - 10 вагон;
Астанадан Павлодарға дейін №45 пойыз - 4 вагон.
Жолаушыларға қосымша 1300 астам орын беріледі.
«Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғайғанын және «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға ауа райы жағдайын ескере отырып, өз сапарын жоспарлауды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды», - делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты тегін «1433» нөмірі бойынша алуға болады.