«Қазгидромет» РМК бұл ақпаратты растап, Шығыс Қазақстанның таулы аймақтары үшін бұл әдеттегі құбылыс екенін жеткізді
Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысына қар түсті. Марқакөл қорығының аумағында таңертең жауған қардың қалыңдығы 12 сантиметрге жеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сондай-ақ, облыстың Катонқарағай, Күршім аудандары және Риддер қаласының маңы мен тау бөктері де ақ жамылды. Ерекше табиғи құбылыстың видеосы мен суреттері әлеуметтік желілерде тез тарап, қызу талқыға түсуде. "Қазгидромет" орталығының мәліметінше, биыл бұл өңірге қар ерте жауған. Ал, алдағы күндері Шығыс Қазақстан Облысы аумағында ауа температурасы төмендеп, жел күшейетін болады.