Еліміздің 3 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Алматыда қар жауады, күндіз ауа температурасы 0 градус шамасында
Жаңалықтармен бөлісіңіз
25 қараша күні Ақмола облысында боран болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстіктен жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Солтүстік Қазақстанда да – боран. Бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Сондай-ақ Түркістан облысында да дабылды ескерту жарияланды. 25 қараша күні өңірде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда да қар жауады. Күндіз ауа температурасы 0 шамасында. Синоптиктер Шымкентте күндіз плюс 1 градус болады деп болжап отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматыда автотұрақ тарифі өзгереді: жүргізушілер нені білуі керек
30.09.2026 10:58