|
25.11.2019 | 12:34
3661

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

Пойыздар ҚР Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді

Желтоқсан айындағы мереке күндері қосымша пойыздар шығарылады

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы желтоқсан айындағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пойыздар Тұңғыш Президент күні, ҚР Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді.

«Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс «Алматы-2-ден» 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта аттанады.

«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс «Алматы-2 –ден» 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-Сұлтан-Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған 2 рейс 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін қатынайды. Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады. Пойыз кестесіне қатысты сұрақтар бойынша, ұлттық тасымалдаушының Бірыңғай анықтама қызметі «105» нөміріне хабарласуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир