Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай күтіледі
Синоптиктер 15-17 қыркүйек күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын Кар теңізі аудандарынан келетін циклон анықтайтын болады. Циклон жаңбыр, солтүстіктің орталығында – екпінді желмен қатты жаңбыр тудырады, бұршақ түсуі мүмкін. Одан басқа, солтүстік және орталық аудандарда температура күндізгі уақытта 10-23 градус жылыға дейін төмендеуіне әкеледі. Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде найзағай күтіледі»,– деді синоптиктер.