Алдағы күндері ауа райы қандай болады

16.05.2022 17:38

Найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан аумағында 17-19 мамырда жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанға Қара Теңіз ауданынан ауысатын циклон елдің ауа райына ықпал етеді. Осыған байланысты еліміздің көптеген облыстарында жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік - шығыста, 19 мамырда солтүстікте нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай жарқылдап, бұршақ жауып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста дауыл соғады», – делінген синоптиктердің хабарламасында.