23-25 ақпанда қар жауып, температура төмендейді
Қазақстанда алдағы үш тәулікте, 23-25 ақпанда қар жауып, температура төмендейді, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Исландияның суық ауа массаларынан бастау алатын белсенді циклонның әсерінен Қазақстанның барлық солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Артынша оған арктикалық антициклон жақындайды – ол ауа температурасын одан әрі төмендетеді», – дейді синоптиктер.
Бүгін, 22 ақпанда синоптиктер елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжап отыр. Кей жерлерде қар жауады, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.
Тек елдің оңтүстігі мен солтүстігінде жауын-шашын болмайды. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, екпінді жел және жаяу бұрқасын соғады.