Алдағы үш күнде 42 градус аптап сақталады

17.07.2023 17:40

Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді

elements.envato.com

Қазгидромет синоптиктері 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

18-19 шілдеде - батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде - солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.