Ел аумағында аяз сақталады

27.01.2022 17:40
Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 27-29 қаңтар арылығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Өтіп бара жатқан антициклон жырасы Қазақстанның басым бөлігіне ықпалын жалғастырады. Елдің солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде 18-23 градус аяз сақталады, кей жерлерде -23 градус болады. Республиканың батысында, сондай-ақ 28-29 қаңтарда оңтүстік, оңтүстік-шығыста оңтүстік циклон өтетіндіктен жауын-шашын, таулы аумақтарда қар және жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болуы мүмкін», - делінген синоптиктер мәліметінде.