Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

16.08.2021 17:44

Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін

REUTERS / ARND WIEGMANN

Қазгидромет мамандары 17-19 тамыз аралығындағы ауа райына болжам жасады. Соған сәйкес, республика бойынша күн қайты жылиды, деп хабарлайды Almaty.tv

Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ, жел болады деген болжам жасалды.

Алдағы үш тәулікте күн жылы болады. Солтүстікте күндіз +25...+32°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25...+37°C, орталық пен шығыста +20...+31°C жылы болады.

Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +32...+43°C көрсетеді.

Теги: ауа райы