|
17.05.2019 | 12:46
17830

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

В большинстве областей республики ожидаются осадки

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын жауады фото из открытых источников

«Қазгидромет» РМК 18-20 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Көпжылдық климаттық мәліметтер бойынша, 17-20 мамыр аралығында Қазақстанға Солтүстік Оралдан суық және ылғал ауа массаларының келуі жиі байқалады. Алдағы демалыс күндері Оралдан келетін суық атмосфералық фронттармен республиканың басым бөлігінде жаңбыр және температураның кезекті төмендеуі күтіледі. Сенбіде оңтүстікте, жексенбідн оңтүстік-шығыста, дүйсенбіде солтүстік және орталықта қатты жаңбыр болуы ықтимал. Ал батыс өңірлерге Ресейдің Еуропалық бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир