Тұман және желдің күшеюі күтіледі
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі»,– делінген хабарламада.