26 градусқа дейін төмендейді
Қазгидромет мамандарының мәлімдеуінше, алдағы үш күнде Қазақстанда ауа-райы күрт суытады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Негізгі өзегі Самараның үстінде орналасқан солтүстік-батыс антициклоны Қазақстанның ауа-райына кері әсерін тигізеді.
«Кей жерлерде қар жауады делінгенімен, оның басымдығы оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда байқалады. Антициклон әсерінен түнде ауа температурасының төмендеуі солтүстік облыстарда 18-26 градусқа, ал оңтүстік облыстарда 5-15 градусқа дейін жетеді», – дейді метеорологтар.
Республиканың кей жерлерінде тұман түседі. Елдің оңтүстігінде – көктайғақ, ал солтүстігінде бұрқасын болады.
Нұр-Сұлтанда түнде минус 15-17 градус, күндіз 10-12 градус аяз күтіледі.
Алматыда түнде минус 5-7, күндіз 2-4 градус.
Шымкентте түнде минус 5-7 градус, күндіз 1-3 градус.