Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа сапасы нашарлайды
1zoom.me
Ақтөбе, Қарағандыда (тек түнде) және Қызылорда қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
12 қаңтар күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтөбе, Қарағандыда (тек түнде) және Қызылорда қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45
Қазақстандық жүзгіштер Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026 08:40