Еліміздің шығысында көктайғақ болады
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, кей уақыттарда жел күшейеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Ел бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Алматыда 18-24 наурыз аралығында ауа райы қандай болады