Алдағы үш күнде күн жылынады

04.11.2020 18:05

Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер 5-7 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады. 

Тек еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерінде жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы біртіндеп төмендейді. 

Ал республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жаңбыр жаумайды, күн ашық болады. 

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.