43 градус: Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды

02.08.2021 18:07

Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды

Фото: ашық дереккөзден

2-5 тамыз аралығында Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иран аудандарынан келетін ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Бұл өңірлерде әлі де өте қатты ыстық сақталады – 35-40, кей жерлерде 43°С-қа дейін. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді және ауа температурасы аздап төмендейді. Күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста ауа температурасы 23-33°С аралығында болады.