|
07.07.2021 | 13:10
6572

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Батыста ауа температурасы түнде +13+23 градусқа дейін, ал күндіз +23+32 градусқа дейін жылы болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады amarok-man.livejournal.com

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 8-10 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.

Метеорологтар мәліметі бойынша, Каспий теңізінің солтүстігінде қалыптасқан циклон және онымен байланысты фронталдық бөліктер 8-10 шілде аралығында Қазақстанның барлық аумағын қамтып, солтүстік-шығыс бағытқа жылжиды. Осыған байланысты, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста жаңбыр жауады. Сондай-ақ, найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпіні күшті жел соғады.

«Батыста ауа температурасы түнде +13+23 градусқа дейін, ал күндіз +23+32 градусқа дейін жылы болады. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында: түнде + 10+21 градус, күндіз термометр бағаны +20+28 градусты көрсетеді. Елдің орталығы мен шығысында: түнде +13+23 градус, күндіз +25+37 градус, ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі уақытта ауа температурасы +18+25 градус, күндіз +30+42 градус болады деп күтіледі», – делінген хабарламада.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир