Синоптиктер болжам: Елімізде алдағы үш күнде күн жылиды

12.01.2022 18:12

Батыстағы циклон жылдам жылжып келеді

elements.envato.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстандағы 13-15 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


"Кезекті антициклон Қазақстан аумағынан кетіп, аязды да ығыстырып жатыр", – делінген хабарламада.


Батыстағы циклон жылдам жылжып келеді. Ол 15 қаңтарда Қазақстанның барлық облысын қамтып, елге жауын мен қар, екпінді жел және көктайғақ алып келеді.


"Ал термометр көрсеткіші жоғары көтеріледі. Тіпті солтүстік өңірлерде де күндізгі уақытта ауа температурасы 0 және минус 5 градус аралығында болады деп күтілуде", деді мамандар.