Қазақстанның 7 облысында үсік жүруі мүмкін

13.05.2019 18:17

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

14 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

14-15 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін.

15-16 мамырда түнде Қостанай облысының бірқатар аймақтарында 3 градус үсік жүреді.

14 мамырда күндіз Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. 15-16 мамырда түнде 1-6 градус үсік жүреді.

14-15 мамыр аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап,  дауыл соғады және бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

14-16 мамыр күндері түнде 1-6 градус үсік жүруі мүмкін.

Ал, елордада 14 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады.

Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. 15-16 мамырда түнде 1-3 градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95%.