Алдағы 3 күннің ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөзден
17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Қазгидромет" синоптиктері 18-20 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды.
«Бұл бұлтты құйын жаңбыр мен қар, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұман әкеледі», – делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, 17 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы антициклонға байланысты жауын-шашынсыз болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Алматыда Республика күніне орай ауқымды іс-шаралар өтеді
23.10.2026 21:10
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
23.10.2026 21:45