Дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елдімекен жарықсыз қалған
Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды. Сонымен бірге бірқатар елдімекен жарықсыз қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елдімекен жарықсыз қалған.
Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.