|
05.04.2024 | 04:52
5867

23 градусқа дейін күн жылынады: 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның барлық аумағында орташа ауа температурасы 1-2° жоғары болады

23 градусқа дейін күн жылынады: 5 сәуірге арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Алматы

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 17 градусқа дейін көтеріліп, түнде 2 градусқа дейін түседі. Жел жылдамдығы 3,3 м/с болмақ. 

Астана 

Астанада синоптиктердің болжамынша, күн аздаған бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 16 градусқа дейін жетіп, түнде 1 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы – 4,5 м/с болады. 

Шымкент

Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 20 градусқа дейін жетіп, түнде 6 градусқа дейін түседі. Жел жылдамдығы 4,7 м/с деңгейінде болмақ.

Оқи отырыңыз: Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир