|
10.04.2024 | 10:10
8073

Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады

Синоптиктердің болжамынша, сәуірде Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады

Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады фото Victor Glutsenko

Климаттық мәліметтер бойынша сәуірде Қазақстанның барлық аумағында көктемнің басталатын уақыты. Сәуірде күн тез ұзарып, күн көкжиектен жоғары көтеріледі. Одан әрі күн жылынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, сәуірде Қазақстанның барлық аумағында бір айдағы орташа ауа температурасы нормадан 1-2° жоғары болады.

Сәуірде жауын-шашын мөлшері республика аумағының басым бөлігінде нормадан көп. Ұлытау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Алматы, Жетісу және Абай облыстарының басым бөлігінде, Қызылорда, Түркістан облыстарының солтүстік-шығысында және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында норма шамасында болжанады.

Бір ай ішінде Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің еуропалық аумағынан келетін циклондардың әсерінен күн райының тұрақсыздығы басым болады. Жел жылдамдығы секундына 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, кейбір күндері екпіні 23-28 м/с дейін (батыста және оңтүстікте шаңды дауылмен) жетеді, республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Сәуірдің бірінші онкүндігінің басында және екінші жартысында ҚР басым бөлігінде жауын-шашын: жаңбар, түнде жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. 3, 10 сәуірде Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында, онкүндіктің соңында 8-9 сәуірде елдің орталығы мен оңтүстік - шығысында (Ұлытау, Қарағанды, Жамбыл облыстары), 9 сәуірде Түркістан, Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын болады деп болжануда. Республика бойынша тұман түсіп, елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Жауын-шашынның тоқтауы елдің батысында онкүндіктің басында, республиканың басым бөлігінде онкүндіктің ортасында күтіледі.

Онкүндіктің алғашқы күндерінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді: солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, елдің орталығында түнде -2-7°С дейін, күндіз +3+8°С дейін, содан кейін 4 сәуірден бастап ауа температурасы түнде 0+5°С, күндіз +12+20°С дейін жоғарылайды. Онкүндіктің соңында температуралық фон түнде -2-7°С дейін, күндіз +5+12°С дейін қайта төмендеуі болжанады.

Сәуірдің басында елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде -5+3°С дейін, күндіз +5+15°С дейін төмендейді, содан кейін түнде +3+10°С дейін, күндіз +13+23°С дейін жоғарылайды деп болжануда. Онкүндіктің соңында ауа температурасы түнде -3+5°С дейін, күндіз +7+15°С дейін төмендеуі болжанады.

Қазақстанның батысында ауа температурасының негізгі фоны түнде +2+9°С, күндіз +13+20°С құрайды.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен температуралық фон жоғарылайды:

елдің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +2+10°С дейін, күндіз +15+25°С дейін;

оңтүстік өңірлерде және ҚР батысында түнде +7+13°С дейін, күндіз +17 + 27°С дейін.

Алайда, суық ауа райының қайталануы болжанады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарындағы Ресей аумағынан суық ауа массаларының ағуы кезінде термометрлердің бағандары түнде -2-7°С-қа дейін, күндіз +6+11°С-қа дейін, оңтүстік аймақтарда және елдің батысында түнде -2+7°С-қа дейін, күндіз +10+18°С -ге дейін төмендеуі мүмкін.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 1-7 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир