Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді
«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv
Республиканың солтүстік аймақтарында әлі де салқын және желкем ауа райы сақталады, жаңбыр жауады.
Бұған солтүстік-батыс циклонға байланысты атмосфералық фронттар ықпал етеді. Еліміздің қалған аумағында жоғары атмосфералық қысым аясында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Батыста, солтүстік-батыста ауа температурасы түнде - 3-15 градус, күндіз - 20-28-ден 15-20 градусқа дейін төмендейді. Солтүстікте түнде - ауа температурасы 2-13 градус, 14 қыркүйекте 2 градус үсік жүреді. Күндіз - 15-25 градус, орталықта және шығыста 3-12 градус үсік жүреді. 14 қыркүйекте 3 градус үсік жүреді. Күндіз ауа температурасы 13-23-тен 20-28 градусқа дейін көтеріледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде - ауа температурасы 10-18 градус, күндіз 23-30 градус жылы болады.