Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін төмендейді
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жаңбыр жауады, 6-8 сәуірде оңтүстікте, 7-8 сәуірде оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
7 сәуірде Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонның енуінің әсерінен еліміздің солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасының күрт төмендеуі, сондай-ақ жаңбырдың қарға ұласуы күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік өңірлерде тұман, шаңды дауыл мен найзағай, солтүстікте, солтүстік-батыста – көктайғақ болжанады. Солтүстік пен солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 2-12 аязға дейін, күндіз 5 аяз - 7 жылыға дейін төмендейді деп күтілуде.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 3 сәуір мен 9 сәуір аралығындағы ауа райы болжамы