Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

12.08.2019 18:49

фото из открытых источников

Қазақстанда үш күн бойы жаңбыр жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» сілтеме жасап.

Синоптиктердің хабарлауынша, 13-15 тамыз аралығында ауа температурасы төмендейді.

"Еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін 20-25 градусқа төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - делінген мекеме таратқан хабарламада.



Теги: дожди