9-13 мамыр аралығындағы ауа райы болжамы
9 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы және жауын-шашын болмайды дейді синоптиктер. Олардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте де республика аймағындағы ауа райында күрт өзгерістер күтілмейді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі
Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы 30-38°С-ке дейін жоғарылап, найзағай мен өткінші жаңбыр күтіледі. Ал, еліміздің оңтүстік және орталық аймақтарында күн жылы және аспан ашық болады. Алайда аптаның соңында суық атмосфералық фронт және Кар теңізінде қалыптасқан антициклонмен Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік-шығыс облыстардың кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, күн суытуы ықтимал.