Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында жауын-шашын жауады
Синоптиктер 24-26 қараша күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің батысында жауын-шашын жауады.
«Кезең ішінде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райын сақтай отырып, солтүстік-батыс антициклон сілемі өз әсерін тигізуді жалғастырады. Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды, ол жауын-шашын әкеледі, кейбір аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді», – деді синоптиктер.