|
19.02.2024 | 13:57
224

Еліміздің 11 облысында автожол жабылды

Аяз салдарынан кей өңірде білім мекемелері де қашықтан оқуға көшті

Еліміздің 11 облысында автожол жабылды Almaty.tv

Ақпанның ақтүтек бораны мен сарышұнақ аязына байланысты еліміздің 11 облысында автожолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жалпы 64 трассада түннен бастап шектеу қойылған. Кей жерлерде дизель отынымен жүретін қоғамдық көліктер мен басқа да темір тұлпардың қозғалысы тоқтады. Қазір онда жауапты мамандар бағыттарды қалпына келтіруге қатысты жұмыс жүргізуде. 250 адам мен 160-тан астам техника жұмылдырылған. Құзырлы органдағылар алыс сапарға шығуды жоспарламауға кеңес берді. Аяз салдарынан кей өңірде білім мекемелері де жабылды. Қазақстанның 9 облысында мектептер мен колледждер жартылай онлайнға ауысты. Көбінде бастауыш сыныптардың түскі ауысымы мен 1-курс студенттері қашықтан оқиды. Ал синоптиктердің болжауынша, мұндай ауа райы кей жерде бірнеше күн сақталуы мүмкін. Шығыс аймақта түнде тіпті -32,  -45 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

– Қазақстанның солтүстігі мен шығысында және оңтүстік-шығысы мен орталығында аяз сақталады. Батыста, оңтүстікте бұрқасын күтілуде. Таулы жерлерде қалың қар түсуі ықтимал. Республиканың батысында түнде ауа температурасы 10-25, күндіз 5-15 градус төмендейді. Ал солтүстік пен орталықта түнде -28 бен 38 аралығында, күндіз -15 пен 23 аралығында аяз болады, – деді  «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Смағұлова.

Оқи отырыңыз: Алматыда 19-25 ақпан аралығында ауа райы қандай болады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир