Алматыда күн 37 градусқа дейін ысиды

06.06.2023 в 18:58

Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын күн астында көп серуендемеуге шақырды

ашық дереккөзден

Алматыда 7-9 маусым аралығында күн 35-37 градусқа дейін ысиды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, Қазгидромет ұсынған мәліметке сәйкес 7-9 маусым күндері Алматыда ауа температурасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі.

Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын күн астында көп серуендемеуге шақырды.

«Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерге бармаңыз. Сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін күн қатты ысиды. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын крем жағыңыз», - деп ескертеді мамандар.

Сонымен қатар:

- Алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді;

- Сұйықтықты (салқын су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

- Дене шынықтырумен айналыспаңыз. Қатты жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;

- Автокөлікпен ұзақ сапарға шықпаңыз, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз, себебі аптап ыстықтан адам өзін өзі нашар сезінуі мүмкін және реакция төмендейді;

- Балаларды автокөліктің ішінде аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықта бала есінен танып қалуы мүмкін.