Аумақтың көп бөлігі антициклонның ықпалында
«Қазгидромет» РМК 23-25 наурыз күндеріне ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің мәліметінше, аталған күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады. Күн шығып, жылынады.
Тек солтүстікте және солтүстік-батыста, 23 наурызда оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда күн райы құбылмалы болып, жаңбыр мен қар түрінде жауын жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады. Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жел соғады.