Қалың тұманның кесірінен ұшақтар кешігіп жатыр

09.12.2019 18:59

Аспан қашан ашылатыны белгісіз

www.aliexpress.com

Бірнеше күн қатарынан қайтпай тұрған қалың тұман кесірінен еліміздің әуежайларында рейстер кейінге шегеріліп жатыр. Мәселен Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Атыраудан келетін ұшақтар кешігуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Көк тұман қала сыртындағы көліктердің қозғалысына да кедергі келтіруде. Әсіресе, қаладан облыс аумағына қатынайтын көліктер үшін қиындық туып жатқан көрінеді. Ондағы жолдың көрінуі 30-дан 300 метрге дейін түсіп кеткен.

Еске сала кетейік, Қазгидромедтің мәліметінше бүгін Алматыда күндіз 7-9 градус жылы болады. Алайда, тұманның қашан ашылатыны белгісіз.