Маусымда республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы норма шамасында, батыста және елдің оңтүстік жартысында нормадан 1°С жоғары болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маусымда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында, Атырау, Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында нормадан аз болады.
Маусымда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр кей күндері қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел болуы мүмкін.
Маусымның бірінші онкүндігінде Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан және Орта Азиядан жылы ауа массаларының шығуына байланысты ауа температурасы жоғарылайды:
Бірінші онкүндіктің соңында елдің басым бөлігінде аптап ыстық бәсеңдеуі мүмкін. Маусымның екінші және үшінші онкүндігінде ауа температурасының солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндіз +20+25°С-тан +30+38°С-қа дейін, ал батыс, оңтүстік өңірлерде 25+30°С-тан 34+39°С-қа дейін ауытқиды.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 3-9 маусым аралығындағы ауа райы болжамы