Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

29.03.2023 в 19:21

MPV магнитудасы - 4,5

Getty Images/iStockphoto

Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 22 минут кезінде тіркелді.

Тест: Қазақ тіліндегі диалект сөздерді білесіз бе

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 682 шақырым жерде, Қырғызстан мен Тәжікстан аумағында болған.

«Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы - 4,5. Тереңдігі - 5 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген кезекші оператордың хабарламасында.