Шілдеде қай өңірлерде құрғақшылық болуы мүмкін

26.06.2024 19:30

Атмосфералық құрғақшылықтың басталу қаупі бар аумақтар ауданы ұлғайып жатыр

Фото: elements.envato.com

Жалпы 2024 жылдың шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәнге жуық болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Қазгидромет" РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Саировтың айтуынша, нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы айдың болжамын ескере отырып бірқатар өңірде атмосфералық құрғақшылық болуы мүмкін.

"Шілдеде бірқалыпты ылғалды жағдай Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында, Ақмола облысының Сандықтау, Бурабай, Астрахан аудандарында және Степногорск қаласында болады. Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайы осы ай үшін бірқалыпты жағдай болуы мүмкін", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Тамызда республиканың басым бөлігінде орташа ауа температурасы норма шамасында болады.