Елімізде күн қайта суытады

 elements.envato.com
elements.envato.com
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығына Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етуіне байланысты жауын-шашын жауады.

«21 наурызда Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде қатты жауын-шашын, жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, 20 наурызда күндізгі уақытта Маңғыстау облысының батысында және оңтүстігінде, 21 наурызда Қызылорда облысында, 20-21 наурызда Түркістан облысында, 19 наурызда күндіз, 20-21 наурызда күндіз Жамбыл облысында, 21 наурызда Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады», - деп хабарлады «Қазгидрометте».  

20-21 наурызда жауын-шашынсыз ауа райы Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында, 21 наурызда Қостанай облысында болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте және орталықта бұрқасын, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай болуы мүмкін.

«Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Республиканың солтүстік жартысында түнде 7-18 градус  аязға дейін, күндіз 6 градус аяздан -6 градус жылыға дейін, республиканың оңтүстік жартысында түнде 0-10 градус аязға дейін, күндіз 3-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендейді», - делінген хабарламада.

Оқи оытрыңыз: Алматыда 18-24 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров